Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Президенттің жарлығы бойынша денсаулық сақтау, білім беру, өндіріс, ауыл шаруашылығы және басқа да маңызды салалардағы еңбек ардагерлері, көрнекті қайраткерлер мемлекеттік марапаттармен марапатталды.
Елімізді әлеуметтік-экономикалық дамытудағы елеулі үлесі үшін мемлекеттік марапатпен марапатталғандардың ішінде Холдингтің алты қызметкерлері бар:
Алматы қаласындағы «EURASIAN FOODS CORPORATION» қызметкерлері:
• Алданбекова Айгуль Джансеитовна, өлшеу-қаптау машинасының машинисті – ҚР ауыл шаруашылығын дамытудағы үлесі үшін «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісі;
• Белишко Лариса Александровна, май құю және тұздықтар мен дәмдеуіштер дайындайтын цехтің басшысы – «Ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» құрмет грамотасы;
• Бельфер Олег Карлович, бас инженер – ҚР ауыл шаруашылығын дамытудағы үлесі үшін «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісі;
• Мусабергенова Майраш Жалеловна, рафинадтау цехінің ауысымдық шебері – көп жылдық еңбек үлесі үшін «Еңбек ардагері» медалі.
Қарағанды қаласындағы «EURASIAN FOODS» қызметкерлері:
• Логинова Римма Минианваровна, рафинадтау цехінің басшысы – «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» медалі;
• Алимбекова Кульбану Заткеновна, маргарин цехінің өлшейтін құралының машинисті – «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» медалі.
Біз қызметкерлерімізді құрметті мемлекеттік марапаттарымен құттықтаймыз және олардың жетістіктерін мақтан тұтамыз!